Текст
2024 жылдың 2-4 қазаны аралығында «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында мектеп өзін-өзі басқару және балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары арасында «Мен - елімнің ертеңімін!» облыстық форумы өткізілді. Атбасар ауданының атынан мына оқушылар қатысты: Шумилина Дарья (№ 1 ЖББМ), Колмуханов Адилхан (№ 3 ЖББМ), Мальцева Валентина (№ 5 ЖББМ), Абдуллина Айнур (№ 7 ЖББМ), Дауылбай Медина (№ 8 ЖББМ), Шульгина О.И. басшылығымен Атбасар ауданының командасы жүлделі екінші орынды иеленді. «Көш көсемі - 2024» көшбасшылар байқауында Дарья Шумилина «Жеңіске деген ерік - жігері үшін» номинациясында грамотаға ие болды. Ольга Ивановна мен балаларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!