24.10.2024
21-24 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне арналған Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары (жасөспірімдері) арасында футболдан жарыстың облыстық финалдық кезеңі өтті. Жарыс "Локомотив" стадионының жабық корты негізінде өтті. Жарыстың финалдық кезеңіне Ақмола облысының жеті ауданынан: Астрахан, Целиноград, Зеренді, Жарқайың, Атбасар аудандары мен Қосшы және Степногорск қалаларынан аймақтық біріншілікте бірінші және екінші орын алған командалар қатысты. Атбасар ауданының құрамасын Атбасар қаласының №2 ЖББМ оқушылар командасы ұсынды. Үш күннің қорытындысы бойынша Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің командасы финалға шығып, тең және табанды күресте құрметті II орынға ие болды.