Қазіргі күні баланың құқықтарын қорғау, оның өмірін, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғау туралы көп айтылады. Баланың құқығы барын, онымен тең адам екенін түсіну, қабылдау көптеген ересектер қиын және оның құқықтары, кез-келген адамның құқықтары сияқты, білу және құрметтеу керек.
"Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 115-бабы 1-тармағына сәйкес, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі . Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.( ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 116-бабы.
Әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу бүгінгі таңда қоғамның назарын аудара отырып, бірлесіп шешу қажет әлеуметтік маңызды проблема болып табылады.
Бүгінде жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты" Ана үйі"қоғамдық қорының базасында жұмыс істейтін бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырады. Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттіктің қызметкерлері баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтарға құқықтық, психологиялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ 1422 бірыңғай телефон желісі жұмыс істейді,онда азаматтар баланы отбасына орналастырудың барлық мәселелері бойынша жедел ақпарат ала алады.
Әр баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар екеніне сенгім келеді!
Л. К. Мурзахметова- " Ақмола облысының білім басқармасының
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас маманы