«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқымен жұмыс жүйесіндегі әлеуметтік педагогика»

18.10.2024
2024 жылғы 18 қазанда Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында «Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ базасында облыстық семинар өтті: «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқымен жұмыс жүйесіндегі әлеуметтік педагогика» тақырыбына Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әлеуметтік педагог-әдіскері О.С. Мотузкова, Атбасар қ. № 3 ЖОББМ әлеуметтік педагогы Д.А. Нұралина және Атбасар қ. № 4 ЖОББМ әлеуметтік педагогы А.Б. Суворкина қатысты. Семинардың басында Балқашино ауылындағы МБЖО директоры Л.В. Еремина балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығына экскурсия ұйымдастырды. Сандықтау ауданының білім бөлімінің басшысы Абенова Арай Оралтайқызы және психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Шәріпова Гүлім Егінбайқызы құттықтап сөз сөйледі. Одан әрі бағдарламаға сәйкес келесі тақырыптарда баяндама жасаған практикум өткізілді: «Оқушылармен әлеуметтік педагогтар жұмысының әдістемелік тәсілі мен ерекшеліктері» тақырыбында психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Шәріпова Гүлім Егінбайқызы сөз сөйледі, «Аутоагрессивті мінез - құлықты балалармен жұмыс істеу тәсілдері, сондай-ақ олардың ерекшеліктері» тақырыбына баяндамамен «Психологиялық қолдау орталығы» әдіскері Жұмабаева Ырысты Серікпайқызы сөі сөйлесе, «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудағы әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары мен әдістері» атты шеберлік сыныбын Максимовка ауылының ЖОББМ Гришина К.Б., өткізді, әдіскерлерге арналған «Психологиялық қызмет мамандарының жұмысындағы инновациялық тәжірибелік-бағдарланған технологиялар» кейс-менеджментін Шәріпова Сандуғаш Өмірзаққызы жүргізді, «Әлеуметтік педагогтың аутодеструктивті мінез-құлық балаларымен жұмысы» Жұрынова К.Т.Айдабол ауылының ЖОББМ әлеуметтік педагогы, сондай-ақ «Балалардың агрессивтілігінің алдын алу» атты шеберлік сыныбын Балқашино ауылындағы № 2 ЖМ педагог-психолог Н.Н. Швецова өткізді. Семинар соңында қорытынды жасалып, ұсыныстар қабылданды. Түскі астан кейін Максимовка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде болып, инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинетінде болды. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ семинарды ұйымдастырушыларға семинарды өткізгені, өзекті тақырыпты көтергені және жұмыс тәжірибесімен алмасқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.
Әдіскер Мотузкова О.С.


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.10.2024 23:25
Құрылған күні: 18.10.2024 23:30

Текст