«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОТКРЫТИЕ РЕСУРСНЫХ КАБИНЕТОВ ПОДДЕРЖКИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ШКОЛАХ ГОРОДА АТБАСАР

15.11.2024
Инклюзивті білім беру - бұл барлық балалардың әртүрлі мұқтаждықтарына бейімделу тұрғысынан білімге қолжетімділікті білдіретін жалпы білім беруді дамыту процесі, бұл ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» жобасының бағыты шеңберінде, Ақмола облысы білім басқармасының инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттері желісін кеңейту жөніндегі жоспар-кестесі негізінде Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның бала құқықтары туралы қабылдануының 35 жылдығы, ратификациялауының 30 жылдығын және Дүниежүзілік бала күні (20 қарашада) жариялануының 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 14 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының № 1 Жалпы білім беру мектебі» КММ-де, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының № 2 Жалпы білім беру мектебі» КММ-де, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының № 8 Жалпы білім беру мектебі» КММ-де және «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының №5 Жалпы білім беру мектебі» КММ-де инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің салтанатты ашылу рәсімдерін өткізді. Кабинеттің салтанатты ашылуына Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев Марат Өмірбайұлы, білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, білім бөлімінің әдіскері Мотузкова Оксана Сергеевна, Атбасар ауданы бойынша ата-аналар қауымдастығының төрайымы - Сәдуақасова Баян Мыңжасарқызы қатысты. Шақырылғандар қатарынан – «AMANAT» партиясы аудандық филиалының хатшысы-Жәкішева Назгүл Әлімқызы, аудандық «Простор-Атбасар» газетінің тілшісі - Шайхин Серік Заманұлы, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қ. №1 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ меңгерушісі - Сүйінжанова Ғалия Жомартқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ меңгерушісі - Наймушина Светлана Георгиевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар қаласының арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры Белинская Светлана Петровна, Атбасар ауданы бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі - Шолақова Гүлшат Амангелдіқызы, сондай-ақ мектеп педагогтары, ИББҚ РК педагогтары, ата-аналар және ерекше білімді қажет ететін оқушылар болды. Іс-шаралар аясында Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы - Ибраев Марат Өмірбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің ашылуы - әрбір баланың дамуы мен өсуі үшін кедергісіз болашаққа бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Мұнда әрбір оқушы өзінің маңыздылығын сезініп, табысқа жету жолында қажетті қолдауға ие болады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін № 1,2,5 және 8 мектеп директорлары инклюзивті білім беруді қолдаудың жаңа кабинеттерін ұсынды. Мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға, құрдастары мен мектеп өміріне әлеуметтендіруге және бейімдеуге мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің бірегейлігі - әрбір баламен жұмыс оның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері деңгейінде құрылады. Жаңа кабинеттердің ашылуының арқасында Атбасар қаласының жүздеген балалары жалпы білім беру процесіне кірігіп, құрдастарымен білім алу мүмкіндігіне ие болады. Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді. Әрбір бала оқытудың барлық кезеңдерінде оларды сүйемелдейтін педагог-психологтардың, логопедтердің, дефектологтардың, педагог-ассистенттердің көмегіне ие болады. Мұндай жағдайлар тек білім беру процесінде ғана емес, әлеуметтенуде де көмектеседі, бұл ерекше баланың дамуы үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мектеп ортасына ойдағыдай бейімделуге және қоғамда толыққанды өмір сүруге қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу. Тұрақты әдістемелік қолдау мен заманауи оқыту әдістерінің арқасында Атбасар қаласының мектептерінде балалар мен олардың құрдастары үшін де, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған, бұл жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті ортаны дамытуға қосқан лайықты үлесі болып табылады. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері 1-қабатта анықталған, санитариялық бөлмелер қадамдық қолжетімділікте орналасқан. Кабинеттер төрт аймақтан тұрады: мұғалім аймағы, топтық және жеке сабақтар аймағы, сондай-ақ сенсорлық жеңілдету аймағы. Кабинеттер ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жиһазбен жабдықталған. Бұл жиһаз жоғары беріктігімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Кабинет заманауи компьютерлік техникамен толығымен жабдықталған: интерактивті панель, компьютерлер, ноутбук және 3 і 1 көпфункционалды құрылғы, ата-аналармен, балалармен қарым-қатынас жасауға және әңгімелесуге арналған жұмсақ бұрыш, ыңғайлы орындық-қаптармен, құрғақ шарлары бар кең ойын бассейнімен, басқару пульті бар интерактивті ауа-көпіршікті бағанамен, құммен айналысуға арналған аспаптары бар арт-терапевтік жарық үстелі бар және тағы басқа. Ресурстық кабинеттердің ашылуын педагогтар мен балалар ғана емес, ата-аналар да күтті. Ашылу салтанатына ата-аналар қатысып, өз балаларының жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасының басшысы А.К.Балташеваға және Ақмола облысы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Өмірбайұлы Ибраевқа алғыс білдірді. Жыл сайын Атбасар ауданында және елде қосымша қолдауды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді, осыған байланысты инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу қажеттілігі туындайды және осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады: 2025 жылы Атбасар қаласының № 3 және № 7 жалпы білім беретін мектептерінің базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу және кейінгі жылдары ауыл мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу жоспарлануда. Іс-шаралар қорытындысы бойынша инклюзивті білім берудің негізгі мәселелері және оны одан әрі дамыту жолдары талқыланған дөңгелек үстел отырысы өтті.

О. МОТУЗКОВА – «Ақмола облысы білім

басқармасының Атбасар ауданы

бойынша білім бөлімі» ММ инклюзивті білім беру әдіскері



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.11.2024 00:08
Құрылған күні: 16.11.2024 00:14

Текст