2020 жылдың 9-қараша мен 14 қараша күндері аралығында РИПК СО ұйымдастыруымен директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін «Оқушылардың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге дайындау, репродуктивті денсаулықты қорғау» тақырыбындакурс өттім.Өте уақытылы ұйымдастырылған курс болды, курстың тақырыбы өте өзекті, себебі заманның тез дамуына байланысты, біздер ата – аналарға, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне, оқушыларғаосы тақырыптар төңірегінде толық ақпарат беруымыз керек.Оларды үнемі жаңа біліммен ақпаратпен сусындатып отыруымыз міндет.
Курс барысында мен көптеген қосымша ақпараттарды толыққанды зерттей отыра,проблемалық сұрақтарыма жауаптар алдым. Ол практикалық тапсырмалар арқылы, талқылау, ой бөлісу кезеңдерінде жақсы көрінісалды. Әсіресе репродуктивті денсаулық туралы толық мағлұматтар алдым.Оқу мен оқыту –ол үздіксіз процесс болғандықтан, педагогтер үнемі жаңашылдыққа жақын болып, үнемі ізденіс үстінде болуы шырт деп есептеймын. Өйткені, біздер алдымыздағы оқушыларымыздың талғамдарынан шығуымыз керек, олардың бізге қоятын сұрақтарына қашанда дайын болуымыз керек.Сондықтан осындай курстар өте қажет деп есептеймын.
Б.С.Смагулова, №7 ҚОМ