15.10.2020
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылдың 14 қазанында онлайн режимде «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық онлайн режимдегі конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Облыс бойынша 14 ауданнан, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 73 оқушы қатысты.
Конкурс 2 тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
1) «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы;
2) «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы;
3) «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы;
4) «Менің туған өлкем» номинациясы.
ІІ мен III дәрежелі дипломдармен келесі Атбасар ауданының оқушылары марапатталды:
ІІ дәрежелі - «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Кашина Анжелика - Атбасар қаласы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі - «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Каримов Алишер - Атбасар қаласы №8 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы Малгаждаров Ерназар - Атбасар қаласы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Мустафин Рустем - Атбасар қаласы №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.