Текст
2024 жылдың 14 тамызында Атбасар ауданының білім бөлімінде көп балалы отбасылардан шыққан 30 оқушыға Атбасар қаласындағы "Асар Баспана" тұтыну кооперативі ұсынған мектеп рюкзактары табысталды. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ жоба жетекшісі Тугамбаев Нұрбол Маратұлына қайырымдылық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.