«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері» күні мерекесіне орай

22.09.2020
«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ-де өткізілген онкүндіктің іс-шаралар жұмыстарының сараптамасы
2020 жылғы 4-18 қыркүйек арасында «Атбасар ауданының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері» күні мерекесіне орай іс шаралар өтті. Бұл онкүндікте іс шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектептерінің тіл мамандары түрлі іс шаралардың өтуіне ат салысты. Олар: «Ана тілім –қазақ тілі» атты сурет сайыстары, «Тілім барда тірімін, мен өлмеймін» атты сыныптан тыс жұмыстары, «Мемлекеттік тіл – менің мақтанышым» 8-11 сыныптар аралығында оқушыларға арналған байқау өткізілді", тағы да «Біздің Қазақстан!"сынып сағаттары, "Әлем тілдері және біздің елдеріміздің тілдері қабырға газет байқаулары, бастауыш сынып оқушылар арасында "Мен Қазақстанда тұрамын " сурет байқаулары «Күз"," Autumn is drawing on"," Осень приближается " өлеңдер байқаулары,"Мен үшін- үш тілді білу мақсат" кітап көрмелері өткізілді.. Мектеп кітапханашылары «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты көрмелерді ұйымдастырды. Пән мұғалімдері мерекесінің тарихы жайлы таңыстырды, слайд және видео көрсетілді.
Тілдер апталығының салтанатты жабылуы ән мен күй, мәнерлеп оқуларымен аяқталды.
Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст