15.08.2024
2024 жылдың 14 тамызында Атбасар ауданының білім бөлімінде аудан мектептерінің 40 оқушысына Астана қаласындағы «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры тарапынан мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары табыс етілді. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақниет» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бисембаева Бағила Мүбаракқызына алғысын білдіреді.