Бүгін, 26 тамызда 2020 ж. ZOOM платформа арқылы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық тамыз конференциясы өтті. Конференцияның басты мәселесі: «Қашықтан оқыту». Аттестациядан өтетін мұғалімдер дайындаған баяндамалары мен презентациясын назарымызға ұсынды. Полтавка ОМ – Кисекова Г.Н. «Қашықтан оқыту технологиясы» атты баяндама оқыды. Мұғалім өзін «педагог-сарапшы » ретінде ұсынды. Баяндамада өзінің тәжірибесімен бөлісіп, мынадай ұсыныстар жасады:
- кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек; - қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың әдіс – тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үйірмелер ашу;
- қашықтан оқытудың өмірде жиі пайдалану, пайдаланудың тиімді әдістерін ойлап табу;
- алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибесін оқып-үйрену; - қашықтан оқытуда оқушының білім сапасын бағалаудың жаңа критерийін жасау; - ақпаратты-техникалық жабдықтау қызметі қашықтан оқытудың программалық, ақпараттық және техникалық құралдарын дайындау; - мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек.
Ақан Құрманов аулынының ОМ –Жакупова А.Ж. «Қашықтан оқытудың әдістері» тақырыпқа мәлімет дайындады. Педагог-сарапшы ретінде өзін ұсынды. Баяндаманың мазмұны маңызды және өзекті болды. Мұғалім презентацияда платформа түрлерін, құралдарын түсіндірді. Соңғы сөзінде мұғалім осы қиын жағдайда барлық ұстаз қауымға өз алғысын білдірді.
Борисовка ОМ- Қарақыз Айнагүл «Қашықтан- оқыту кезінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, сапалы сабақ кепілі» деген тақырыппен дайындаған баяндаманы қорғады. Педагог-сарапшы ретінде өзін ұсынды. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген сөзді эпиграф ретінде қолданды. Мұғалім сабақта қашықтан оқыту кезінде 4 әрекеттің даму жолдарын баяндады. Педагог-сарапшы ретінде өзін ұсынды.
Барлық мұғалімдердің баяндамалары жоғары бағаланды. Мұғалімдер сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Конференция жақсы деңгейде өтті, жетекшісі Козыбакова А.М. бәрімізге алғысын білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық Ә/Ж: Кощегулова М.К.