«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" республикалық акциясы

05.08.2024
1-тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Ол оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.
Акцияның мақсаты мектеп оқушыларына оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар балалардың мектепке әлеуметтік себептермен келмеуіне жол бермеу . Акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Жалпыға бірдей білім беру қорынан қаражат білім алушылардың келесі санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінді:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;
4. Мектептің Қамқоршылық кеңесі болып табылатын білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттарына.
Биыл Атбасар ауданы мектептерінің 622 оқушысына қаржылай көмек көрсетілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың шотына 1 балаға кеңсе тауарларын, мектеп формасын , спорттық киімдерді, аяқ киімдерді сатып алуға 43407 теңге сомасы жіберілді. Акция аясында 10 тамызда мектеп жәрмеңкесі өтеді, онда әрбір ата-ана мектепке қажеттінің бәрін төмен бағамен сатып ала алады.
Просмотров: 1134


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст