17.07.2024
2024 жылдың 16 шілдесінде Атбасар ауданының білім беру мекемелерінде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а. А.Қ.Балташева болды.
Айнагүл Қыдырбайқызы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ө.Қуатбековпен және Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушинамен бірге аграрлық-индустриялық колледждің оқу корпусының негізгі ғимараты бойынша жүріп, колледж жұмысымен танысты, ғимараттың шатырының жай-күйін тексерді. Колледждің екінші ғимаратының жатақханасына барып, АИК қазандығында болды.
«Еркежан» бөбекжай-бақшасына барған кезде робототехника, ғылыми жобалар үйірмелерінің басшыларымен, әдіскермен, балабақша меңгерушісімен кездесті, олар өз қызметі туралы айтып берді.
А.Қ.Балташева білім бөліміне, мектеп жанындағы интернатқа барды. №8 ЖББМ және № 1 ЖББМ күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Облыстың білім беру мекемелерінің педагогтары ПБМ тапсыратын U-stadur тестілеу орталығына барды. Сапар соңында Атбасар ауданының әкімі А.А.Қалжановпен кездесті.