Атбасар ауданында дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған білім беру ұйымдары арасында "Екі жұлдыз-2024" аудандық байқауы өтті. Конкурс білім беру саласындағы шығармашылық қызметкерлерді қолдауға бағытталған педагогикалық қызметкерлер үшін басым жобаға айналды. Байқау жыл сайын Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық кәсіподақтың бастамасымен өтеді. Бұл байқауға жеті музыкалық дуэт қатысты. Конкурсты өткізу үшін Балалар музыка мектебінің оқытушылары арасынан құзыретті қазылар алқасы құрылды. Байқауды өткізу үшін Балалар музыка мектебінің әкімшілігі акт залын ұсынды. Ережеге сәйкес байқау келесі критерийлер бойынша бағаланды: орындаудың өзіндік ерекшелігі, музыкалық шеберлік, сыртқы түрінің сәйкестігі, сахналық қойылым, орындау деңгейі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
1 орын-"Еркежан" балабақшасының музыкалық дуэті Жанар Сағындықова пен Марина Дюбкина
2 орын - №5 ЖББМ музыкалық дуэті Надежда Садуова мен Вероника Братишкина
2 орын-Бастау ауылының №1 ЖББМ музыкалық дуэті Азамат Сүйінов пен Әсемгүл Қалиева
3 орын - №7 ЖББМ музыкалық дуэті Лида Есенуглова мен Тоты Сейтмағанбетова
3 орын-№4 ЖББМ музыкалық дуэті Татьяна Потанина-Капинос және Снежанна Минченкова
Байқауға белсенді қатысқаны үшін №1 ЖББМ Мейрамгүл Камисс және Роза Ермекбаева, "Айгөлек" бөбекжайы Лариса Коченкова және Ольга Геонгардт музыкалық дуэттері марапатталды.
Конкурсқа қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың аудандық турының жеңімпаздары облыстық кезеңге Көкшетау қаласында қатысады.