Текст
2024 жылдың 13 наурызында Адыр ст. негізгі орта мектебінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында бөлімі күні өтті. Әдіскерлер мектепішілік бақылау жоспарын орындау бойынша құжаттарды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, мектептің пәндік әдістемелік бірлестіктерінің, психологиялық және әлеуметтік қызметтің, кітапхананың жұмысын, мемлекеттік қызметтер көрсетуді, кадрлық жұмысты зерделеді. Сонымен қатар ағылшын және орыс тілдері мен математика сабақтарына қатысты.