«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мариновка ауылында № 2 ЖОББМ-де мектептің 30 жылдығына арналған салтанатты концерті өтті

05.12.2023

2023 жылдың 2 желтоқсан күні «Мариновка ауылының № 2 ЖОББМ» КММ-де 30-жылдық мерейтойына арналған «Самғатқан сан қыранды - алтын ұя!» атты салтанатты концерт өткізілді. Мерейтойдың құрметті қонақтары: Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы - Рахимов Нұржан Бектұрғанович; Атбасар ауданы «Аманат» партиясының хатшысы - Жакишева Назгүл Әлімқызы; еңбек ардагерлері: Кульбаева Бибигайша Досмагамбетовна, Саутбекова Роза Рахимовна, Басманов Сайлау Доскенович; Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы -Наймушина Наталья Георгиевна; Атбасар ауданының мектеп директорлары:  Бастау ауылының №1 ЖОББМ - Журумбаева Айгуль Жумашовна Бастау ауылының №2 ЖОББМ - Харахыз Бакытгуль, Адыр станциясының ЖББМ - Жакпарова Гульдана Нагметолловна, Бейс-Хазрет ауылының ЖББМ- Жакупова Даметкен Сериковна, Мариновка ауылының № 1 ЖОББМ - Шинжанов Баржаксы Казизханович сөз сөйлеп, мерейтоймен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерейтойға келген қонақтар  - Мукушева Зауреш Байкеновна, Шахманова Базарай Сансызбаевна, Қадірбаева Сәуле Қоңқышқызы, Әнуарбек Талғат әріптестеріміз мектептегі ұстаздық еткен күндерін сағынышпен еске алды. Мерекелік шара барысында оқушылар сүйікті мектептеріне ән арнап, би биледі. Музыкалық мектептің оқушылары да мектебімізді мерейтоймен құттықтап келді. Мектеп түлектері алтын ұя мектептеріне деген сағынышын жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі, мектепке арнаған сыйлықтарын табыстады. Мерейтой соңында мектеп директоры - Берден К.К. келген қонақтарға рақметін айтып, алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, мектептің 30-жылдық мерейтойына орай шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтар мектеп ішідегі әр түрлі безендірілген кабинеттер мен мұражайды аралап тамашалады. Мектепке кіреберісте қонақтар мен мектеп түлектеріне арнайы дайындалған суретке түсетін жер (фотозона) ұйымдастырылды. Оның қасында келген қонақтар мен түлектер фотоға түсті. Мерейтойдың салтанатты бөлімі аяқталған соң мектеп директоры — Берден К. К. барлығын мектеп асханасына арнайы дайындаған дәмге және фуршетке шақырды. Қонақтар да, ардагер ұстаздар да, мектеп ұстаздары мен келген түлектер де дән риза болып тарасты. Сол күні кешке ауылдық Мәдениет үйінде мектеп түлектеріне арналып, сағат 19.00-ден сағат 22.00-ге дейін би кеші ұйымдастырылды.

Просмотров: 974


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст