«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданының білім басқармасының кеңес отырысы

05.12.2023
Атбасар аудандық білім бөлімінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №5 орта мектепте Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының басшыларымен, әдіскерлерімен және білім бөлімінің мамандарымен аудандық білім бөлімінің кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Білім беру ұйымдарындағы еңбек тәртібі» (Едрисова Р.Б.); «Білім беру ұйымдарында балалар жарақатының алдын алу» (Чарушин Д.Ю.); «Білім беру мекемелерінің басшыларын ротациялау. 2022-2023 оқу жылының жұмыс қорытындысы» (Кажкенова Г.А.), №2,3,5 ОМ, №2,3,4,5 Б/Б меңгерушілері); «Білім беру ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» (Досумбекова Р.Б.); «Электрондық журналдарда жұмыс істеу және  ҰБДБ  толтыру туралы» (Амирова Ж.Б.); «№6 ЖОББМ, Самарка  НОМ білім бөлімі күнінің қорытындысы туралы» (Исасеитова А.Т., мектеп директорлары). Білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. бірқатар жұмыс мәселелерін атап өтті: педагогикалық кеңесте «Сапалы білім баршаға қолжетімді» мұғалімдердің 1-съезіне ұлттық баяндаманың жобасын қарау; мектеп кітапханаларының жұмысын, білім беру ұйымдарының аттестаттау кестесін қадағалау; аудандағы білім беру ұйымдарына баруды әр түрлі қызметтердің білім бөлімінің басшысымен міндетті түрде келісу; Атбасар ауданында 2024-2027 жылдарға арналған инклюзивті қолдау кеңселерін ашу; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау туралы; мектептің мерейтойлары туралы; білім беру ұйымдарында орын алған төтенше жағдайлар туралы қоғамдық ұйымның басшысын уақтылы хабардар ету; жол-көлік оқиғаларының алдын алу қажеттілігі; ауа райы жағдайына байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшу туралы; ата-аналармен қарым-қатынас психологиясы туралы. Ақпараттпен таныстырды: «Аттестациядан өту қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» (Абитаева А.З.); «Олимпиадалар мен жарыстарды өткізу туралы» (Исасеитова А.Т.); «Психологиялық қызметтің жұмысы туралы» (Завьялова Е.В.). ББ Кеңесін ұйымдастырып, өткізгені үшін №5 орта мектеп директорына (Ғ.А.Кизкенова), сонымен қатар мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 1101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст