«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен республикалық олимпиада

02.11.2023
География пәнінен республикалық олимпиада биыл 7-8 сынып оқушылары арасында алғаш рет өткізіліп отыр. 2023 жылдың 26-28 қазан аралығында «ЖасДәурен» лагерінде 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық туры өтті. Бұл турға Атбасар ауданындағы мектептерден төрт оқушы қатысты: Диана Бегежанова, 7 сынып, Бастау а. №1 ОМ; Мухара Нұрасыл 7 сынып, Мариновка а. №2ОМ; Батышев Әділ 8 сынып, №2ОМ және Уатхан Нұр-Әли 8 сынып, №7ОМ. Бұған дейін бұл оқушылар аудандық кезеңнің жеңімпазы атанған. Олимпиада тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктерін және халықаралық өлшемдерді (PISA, TIMSS) ескере отырып жасаған. Тапсырмалар National Geographic Oazaqstan журналының материалдарына негізделген сұрақтарды және физикалық және әлеуметтік география саласындағы өзекті және қолданбалы географиялық білім мен географиялық дағдыларды талап ететін сұрақтарды қамтыды. Облыстық турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар: Бегежанова Диана 7 сынып, Бастау а. 1 ОМ – 3 орын; Батышев Әділ 8 сынып, 2ОМ-3 орын; Мухара Нұрасыл 7 сынып, Мариновка а. 2 ОМ– 4 орын. Құттықтаймыз!
Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст