«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балаларға көмектесу – қасиетті іс»

22.09.2023
1 қыркүйек – алғашқы қоңырау мерекесі, бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандардың тағатсыздана күтетін ерекше күн. «Мектепке жол» Республикалық акциясы 1-сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайына қарамастан мектеп партасына отыруға бағытталған. Бұл акция 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілді. Бірінші қыркүйекке дейін аз қамтылған отбасылардан шыққан бірінші сыныпқа келуші 60 балаға демеушілер мен меценаттардан жалпы сомасы 2 миллион 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы бастаған депутаттық корпус, «Аманат» партиясының мүшелері, құқық қорғау, қаржы, салық органдарының, банк мекемелерінің, темір жол ұйымдарының басшылары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ауданның мемлекеттік органдары, кәсіпкерлік құрылымдардың басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, меценаттар мен ауданның демеушілері қайырымдылық көмек көрсетуге және аталмыш шараны өткізуге жан-жақты көмек көрсетті. Акцияға қатысушылардың игі миссиясы – аз қамтылған отбасындағы балаларды мектепке дайындауға көмек көрсету, жыл сайын осы акция аясында мектеп оқушыларына киім-кешек пен оқу құралдары түрінде қолдау көрсетіледі. Ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары: «Полтавка-2» ЖШС /Белобров Н.Ф./, «Әріп-Агро» ЖШС /Арипов Г.У./, «Новосельское» ЖШС / Шакола П.А./, «Алтындән» ЖШС / Байзаков М.К./, «AGROMARTREID» ЖШС /Дзеитов М.Н./, «Шуйское XXI»ЖШС /Құрманқұлов А.Б./, «Шортанбай 2020» ЖШС /Комбатуров С.Т./, «Аграрное» ЖШС /Малий А.Г./, «Қазақстан-2030» ЖШС /Бегалинов М.З./, «ТлекейАгро» ЖШС /Шаймарданов И.Р./ 152 оқушыға 4млн.250 мың теңге сомасында көмек көрсетті. Сонымен қатар, 45 оқушыға 2 млн теңгеден астам демеушілік көмек көрсеткен: «Атбасар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесіне /Билялов А.С./, «Қамқор-Локомотив» АҚ /Сұлтанғазин Н.Н./, ХПП «Лана» /Шайкенов Е.Р./, «Зерновой Двор» ЖШС /Савин А.В /, «Нан Абыройы» ЖШС /Сарбасов А.Қ./, «Агрокомплекс» ЖШС /Сүтбай Н./, «ТехАгроАтбасар» ЖШС /Фолян С.А./, «Нұр777» ЖШС /Джапаров М. .М./, «Таймас» ЖШС /Қошқарбаев С.Г./, «Анаида» ЖШС /Манукян Р.А./, «Семенча» ЖШС /Семенча В.Г./, «АмантайАгро» ЖШС /Макрашев А.Д. /, «Бастау» ЖШС /Мукушев Т.К/, «Сұңқар» ЖШС /Носовский Д.Л./, «Сепе 2030» ЖШС / Саханов О.Б./, «Абдуалиевтар» ЖШС /Огаев М.Б./, «Баракат Агро» ЖШС /Абаев А.У./, «Самарка-1» ЖШС /Куликаускас П.И./, «Облгаз» ЖШС /Тұрмағамбетов Е.С./, «Атбасар Газ» ЖШС /Муратов Р.Р./, «Аждар и К» ЖШС /Тайшытаев А.Т./, шаруашылық қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге және Тельман ауылдық округі әкімдігіне шексіз алғыс білдіреміз. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірнеше жылдан бері Астана қаласындағы «Ақниет» жеке қайырымдылық қорымен белсенді ынтымақтастықта, бұл қайырымдылық қоры биылғы жылы Атбасар ауданының 33 оқушысына 396000 теңге сомасына кеңсе тауарларымен мектеп рюкзактары түріндегі көмек көрсетті. Астана қ. «Самұрық-Қазына» АҚ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-сынып оқушыларына рюкзактар мен кеңсе тауарлары түрінде 885 000 теңгеге демеушілік көмек көрсетті. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚР Атбасар бөлімшесі /Куликовская В.И., Босак М.Х./ көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушыға рюкзактар мен кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек көрсетті. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы игі іске ат салысқан барша жылы жүректі ізгі жандарға шексіз алғыс білдіреді. Құрметті меценаттар, Сіздердің көмектеріңіз баға жетпес қайырымды іс. Қайырымдылық көмек сауапты іс, баланың от жайнаған бақытты көздері осының дәлелі. Мейірімділіктеріңіз, жомарттық пен мәрттіктеріңіз өздеріңізге еселеніп оралсын. Сіздерге игілік, денсаулық, өркендеу және өмір жолыңызда тек жақсылық пен жылылық болсын деп тілеймін!
Наймушина Н.Г., «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы
Просмотров: 601


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст