24 тамызда Көкшетау қаласында "Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт", "Табысты педагогикалық модельдеу - балаларды сауықтыру ұйымдары жағдайында жұмыс істеу үшін кәсіби педагог кадрларды даярлау" атты бірыңғай республикалық тамыз секция өтті. Секция жұмысында "Девиантты мінез - құлықтың алдын алу факторы ретінде жазғы кезенде мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыру" тақырыбы бойынша Атбасар қ. № 7 ЖББМ директорының орынбасары Бақыт Серікқызы Смағұлова баяндама оқыды. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер, жазғы кезеңде балалардың демалысы мен сауығуының жаңа бағдарлары, тәлімгерлер жұмысындағы заманауи тәсілдер, жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмыс істеу әдістері қаралды. Соңында, секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. 24 тамызда республикалық тамыз кеңесінің екінші бөлімінде Көкшетау қаласының нөмер 21 мектеп - лицейіне барды. "Жас Ұлан" бағытының белсенділері музыкалық нөмірлерін көрсетті.Мектеп бойынша экскурсия барысында мектеп мұражайы, шығармашылық және көркемөнер көрмелері болды. Мектеп мұғалімдері мастер-класстар берді. Ақмола облысы қатысушыларының делегациясынан жұмыста тәжірибе алмасу үшін қолайлы жағдайлар жасағанымызға алғысымызды білдіреміз.