7 ақпан күні Атбасар ауданының делегациясы Жақсы ауданы, Жақсы кенті № 2 ОМ-де "Өмірде ең бастысы және бағалы-бұл отбасы" атты аймақтық семинарға қатысты.
Семинарға ата-аналар қауымдастығының өкілдері, тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, отбасылық клуб жетекшілері, сынып жетекшілері шақырылды. Семинар барысында Атбасар ауданының ата-аналар қауымдастығының төрайымы Б. М. Садвокасова жұмыс тәжірибесімен бөлісті. "№2 орта мектеп" КММ, "Мектеп жанындағы интернатымен № 8 орта мектеп" КММ оқушыларының ата-аналары Мусина Жанар Кәкімқызы, Жаксыбаев Аслан Кошкарбайұлы "№ 1 орта мектеп" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кусаинов М. Ж. диалогтық алаңға белсенді қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Биғожина Бағлан Олжабаевна өз сөзінде Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің отбасылық тәрбие бойынша жұмысы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Атбасар ауданының делегациясы Жақсы ауданының әріптестеріне қызықты және жемісті семинар үшін алғыс білдіреді! Жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!