«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТБАСАР АУДАНЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ «АЛТЫН БЕЛГІ» БЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРЛЕРІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АТЫНАН ХАТТАР БЕРУ

30.06.2023
Бүгін, 2023 жылдың 23 маусымында әкімдіктің үлкен залында Атбасар ауданы әкімінің қатысуымен «Алтын белгі» иегері 16 түлекке құрмет көрсетілді. Залға Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов, облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Б.Рахимов және білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., «Алтын белгі» иегерлері – түлектер, олардың ата-аналары, қала мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты. Аманбек Әмірхамзаұлы өз сөзінде алтын белгі иегерлерін мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы уақытта да таңдаған мамандықтарында табыс тіледі. «Жоспарларыңыз бен армандарыңыз орындалып, игі істеріңіз бен бастамаларыңыз сәттілікке толы болсын деп шын жүректен тілеймін!». «Сендер еліміздің болашағысыңдар, сондықтан сендерге үлкен үміт артылады» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев айтқандай, елімізде дарынды балаларға қолдау көрсету қажет, өйткені олар жаңа Қазақстан, деп қосты аудан әкімі. Ұстаздар мен ата-аналар алдында сөз сөйлеген аудан әкімі олардың мектеп өмірінде балаларға қолдау көрсетіп, еңбектері үшін алғысын білдірді. Түлектер мен олардың ата-аналарын аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Б.Рахимов және білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. құттықтады. Қонақтар қатарында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қ.О. және «Аманат» партиясының төрайымы Жакишева Н.А. болды. Аманбек Әмірхамзинұлы Атбасар ауданы мектептерінің үздік түлектері, «Алтын белгі» иегерлерінің ата-аналарына балаларының барлық оқу кезеңінде жоғары білім көрсеткені, барлық пәндер бойынша білім, білік және дағды деңгейін жыл сайын пәндік олимпиадаларда, жарыстарда және зияткерлік турнирлерде Атбасар ауданы мектептерінің намысын қорғап жүргені үшін алғыс хаттарды Салтанатты жағдайда табыс етті. Бұлар: Исманова Алина – No1ЖББМ; Писклова Дарья - №1 ЖББМ, Швабауэр Виктория - №1 ЖББМ; Савченко Наталья – №2 ЖББМ; Ряполова Виктория №2 ЖББМ; Кокурина Ксения - №2 ЖББМ; Тарасенко Михаил - No3 ЖББМ; Исаеитова Алина – No7 ЖББМ; Нұрдыбек Айдана – No7 ЖББМ; Батыр Қарақат - №8 ЖББМ; Бекмырза Ақерке – No8 ЖББМ; Дюсембаева Нияра – №8 ЖББМ; Қадырбекова Дильназ – No8 ЖББМ; Нұрханова Айдана No8 ЖББМ және Амангелдинова Амина – No8 ЖББМ; Сұлтанбай Биназир – «Сепе ауылының ЖББМ. Мария Зеленконың (аудандық мәдениет үйі), №6 мектеп және №1 мектеп оқушыларының музыкалық нөмірлері шараның жарқын көрінісі болды. Соңында залға жиналғандар Саят Бүркітпен бірге «Қазақстан» әнін шырқады. Ата-аналар атынан алғыс сөздерді Баженов Айтқабыл Амангелдіұлы мен Қадырбекова Гүлмира Хайбдрахманқызы білдірді. Шара барысында түлектердің өздері алғыс білдіріп, ризашылық сөздерін айтты. Балалар дарынды балалардың білім алуына, жан-жақты дамуына жағдай жасап жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. Аудандағы мектеп түлектері аудан әкіміне, мәслихат хатшысына және білім бөлімінің басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға қызықты, жан-жақты жауаптар алды. Шара соңында Аманбек Әмірхамзинұлы барша түлектерді, ата-аналарды және шара қонақтарын естелік суретке түсуге шақырды.
О.Мотузкова – баспасөз хатшысы
Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст