Дене шынықтыру және спорт салауатты өмір салтын насихаттаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Атбасар ауданы білім бөлімінің 2019-2020 оқу жылына арналған күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 24-28 қаңтар аралығында №1 ОМ, №4 ОМ, Новосельск ОМ, Сергеев ОМ, Мариновка ОМ базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында волейболдан аудандық жарыстардың аймақтық және финалдық кезеңдері өтті.
Жарыстың мақсаты болып табылады:
- дене шынықтыру мен спортты денсаулықты нығайтудың және дене дамуының негізгі құралы ретінде насихаттау;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу;
- білім беру мекемелерінде бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту;
- мықты командаларды анықтау.
Жарыстың ақтық кезеңіне өз аймақтарының 5 командасы шықты:
№5 ОМ, №7 ОМ, Мариновка ОМ, Покровка ОМ, Сергеевка ОМ.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын-Покровка ОМ;
II орын - №5 ОМ;
III орын-Мариновка ОМ;
Атбасар ауданының білім бөлімі №1 ОМ (Л. Г. Бекова), №4 ОМ (М. Қ. Үндүбай) директорларына жарыстарды ұйымдастырудағы және өткізудегі жақсы дайындықтары үшін алғыс білдіреді.Және аудан мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері ұжымына.