04.05.2023
2023 жылдың 3 мамырында №1 орта мектепте 27-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция оқушыларді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, мектептегі ғылыми қоғамдастықтардың қызметін қолдау мақсатында өткізілді. Конференцияға аудандағы 27 мектептен 15 секция бойынша 7-11 сыныптардан 62 оқушы қатысып, 49 ғылыми жобаны ұсынды. 23 жұмысты ауыл мектептері, 26 қала мектептері ұсынады. 36 жеке жұмыс, 13 топтық жұмыс. Конференцияның ашылуы №1 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен мереке болды.
Пән секциялары бойынша сараптау комиссиясының құрамына тәуелсіз педагогтар: әдіскерлер мен білім бөлімінің мамандары және мектеп мұғалімдері кірді. Оқушылар ұсынған конкурстық жұмыстар өзектілігі, ғылыми мазмұны, жаңалығы, практикалық маңыздылығы, тақырыптың жеке қатысу үлесі, баяндаманы құрастыру сапасы, ойлаудың өзіндік ерекшелігі, логикасы, анықтығы, қолжетімділігі, иллюстрациялық материалы бойынша критерийлер бойынша бағаланды. Аудан мектеп оқушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарына түрлі тақырыптарды таңдаған, соның ішінде мәдени мұра, ұлттық салт-дәстүр, туған өлкенің тарихы, экология, т.б. Үздік жұмыстар 1,2,3 орындарға білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Конференция жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, салтанатты жабылу рәсімімен аяқталды. Мектеп директоры Бекова Л.Г. және №1 орта мектеп ұжымына 7-11 сынып оқушылары арасында ғылыми-тәжірибелік конференцияның облыстық кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз.