Текст
2020 жылдың 28 қаңтарында Полтавка орта мектебінде "Әкемен бірге!" әкелер клубының салтанатты ашылуы өтті. Әкелер клубының ашылуына ауылдық округ әкімі Л. Д. Қожахметова, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н. Г. Наймушина, Атбасар ауданы ата-аналар Ассоциациясының төрайымы Садвокасова Б. М., Атбасар ауданы педагогикалық ұжымы Кәсіподағының төрайымы Р. Б. Едрисова, тәрбие жұмысының әдіскері К. К. Нурмагамбетова қатысты. Іс-шара қызықты, көңілді өтті! Полтавка орта мектебінің педагогикалық ұжымына, ата-аналар қоғамдастығына және оқушыларына бірлескен қызметте табыс тілейміз!