20.02.2023
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы N83 бұйрығына өзгеріс енгізуге байланысты, «Ақмола облысының білім бөлімі Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлім қызметкерлерінің арасынан комиссия құрылды.
Осы Қағидаларға сәйкес, 36 педагог сарапшы және зерттеуші біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестацияға жіберілді.
2023 жылғы 16 ақпандағы N1 хаттама негізінде білім бөлімінде аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін портфолиолар қаралды.
Ұсыныс: аттестаттаудан өткендердің барлығы белгіленген мерзімде портфолионы білім бөліміне жолдау, талаптарға сәйкес ХҚО арқылы өтініш тапсыру.