Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері арасында ұлттық «Мектеп лигасын" өткізу туралы ереже негізінде 2023 жылғы 14-17 ақпан аралығында Атбасар қаласының "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында аймақтық кезеңдердің жеңімпаздарының 9-11 сынып оқушыларының командалары арасында баскетболдан облыстық жарыстар өтті. Жарысқа Ақмола облысының 7 ауданынан 70 оқушы қатысты. Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінің командасы осы жарыстардың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі облыстық жарыстарды ұйымдастыруда Атбасар қаласының "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әкімшілігіне, Атбасар қаласының №3, №7 жалпы білім беретін мектептеріне жақсы дайындығы үшін алғыс білдіреді.