«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысы

09.02.2023

2023 жылғы 8 ақпанда №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіпов, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ. Қуатбеков, Атбасар ауданы аумағындағы білім беру мекемелері мен облыстық білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында Атбасар ауданының білім беру жүйесінің 2022 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында негізгі баяндамамен білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар «Аудандық әдістемелік қызмет жұмысының қорытындысы туралы» /З. Серкебаева/, «Балалар жылының қорытындысы және Атбасар ауданының білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы» / Қ. Нұрмағамбетова/. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның жұмысы туралы /Е.Завьялова/.
Білім берудің кешенді мәселелері – білім сапасы, мектептерді жаңғырту және жайлы, қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз ету, балаларды қосымша және мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша қорытындылар жасалды. Білім беруді дамыту тұжырымдамасын және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға міндеттер қойылды».
Конференция аясында мектеп оқушылары, әдіскерлер, мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтары қатысқан әдістемелік және шығармашылық көрмелер ұйымдастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша-Б. Жүсіпов барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Просмотров: 1835


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст