31.01.2023
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру, жұмыс берушінің қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік сырқаттанушылықты төмендету мақсатында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арасында конкурс өткізіледі.
Конкурстың міндеттері:
- еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторларды анықтау
- ЕҚжЕҚ мәселелерінде кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру
- еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторлардың жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату
- ЕҚжЕҚ жағдайына жұмыс берушілер өкілдерінің назарын күшейту және өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу
- ЕҚжЕҚ нормалары мен ережелерінің бұзылуын уақтылы анықтау және жою.
Конкурс шарттары
Келесі құжаттарды ұсыну:
1. Сауалнама-өтінім
2. Мінездеме-қатысушыға ұсыныс
3. Көрсеткіштер кестесі: еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың озық жұмыс тәжірибесінің парағы, еңбекті қорғау жөніндегі мақалалар, бейнеролик, плакат, түсіндірме жазба.