Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында және балаларды қолдау жылы аясында музыка мектебінің үлкен концерт залында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Атбасар аудандық мәслихатының депутаты,жеке кәсіпкер С.К.Аксеитова, білім бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Б.Едрисова, білім бөлімінің тәрбие жөнінен әдіскері К.Нұрмағанбетова. Мерекелік іс шара жыл қортындысы бойынша облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысқан дарынды балаларға Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н. Г. атынан Мақтау қағаздарын табыстаудан және музыка мектебінің концерт залына әдемі сахна шымылдырығын сыйға тартқан С.К.Аксеитоваға білім бөлімі атынан және музыка мектебінің әкімшілігі,ұжымының атынан алғыс білдіруімен басталып, мерекелік концертке ұласты.