14.12.2022
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында, "Оқу мектебі" жобасы аясында 2022 жылдың 14 желтоқсанда "Атбасар қ. № 5 ЖББМ" КММ-де коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына мектеп мұғалімдері мен оқушылары, ата-аналар, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. "Лад" славян қозғалысы төрағасының орынбасары Бас Евгений Михайлович, білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, кәсіподақ ұйымының филиалының төрайымы Едрисова Роза Балгенженовна және мектеп директоры Кизкенова Газиза Ануарбековна құттықтау сөздерін айтты.
Мектеп ұстаздары мен оқушылары қызықты концерттік бағдарлама дайындады. Коворкинг дегеніміз не? Бұл мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге, кітап оқуға, үй тапсырмасын орындауға, танымдық ойындар ойнауға, интернетті пайдалануға және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін орын. Білім бөлімі мектеп директоры Кизкенова Газиза Ануарбековнаға және мектеп ұжымына алғысын білдіреді.