Текст
2022 жылғы 7 желтоқсанда Атбасар қаласының білім беру бөлімінде білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу мәселесі бойынша кеңес өтті . Кеңеске мектепке дейінгі оқыту әдіскері И.В. Семенча, білім бөлімінің заңгері Д. А. Самаев, "Қарлығаш", "Айгөлек" , "Родничок", "Еркежан", "Алтын бесік", "Арай"бөбекжай-бақшаларының меңгерушілері қатысты.