Текст
29.11.2022 жылы №7 мектептің 8-сынып оқушылары Асылбекова Несібелі, Қайролла Малика, Жәрденбек Азамат, Бексұлтанов Айдын ZOOM платформасы арқылы «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткізілген Ғабит Мүсіреповтің шығармаларынан әңгімені сахналау сырттай байқауына белсене қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін тереңдету және жалпылау, қазақтың халық жазушысы, драматургі, сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.