«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

18.11.2022

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 (отыз) минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады).

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қосымша білім беруге оқуға қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылған дәлелді жауап беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету нысаны қағаз немесе электрондық нұсқада беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына: 1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; 3) көп балалы отбасылардың балалары; 4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар; 5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар; 6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар. Мемлекеттік қызметтің құнын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет - ресурстарында орналастырылады.

Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.

2) Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмаған, жедел қызмет көрсетусіз, мүмкін "брондауға" портал арқылы электрондық кезек;

3) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстары жүргізілетін техникалық үзілістерді ескермегенде (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күнінің соңында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда).

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетілетін мекен-жайлары www.nis.edu.kz интернет ресурсында, сондай-ақ, Министрліктің www.edu.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде орналастырылған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) еркін түрде жазылған өтініші;

2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;

3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

 Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) біреуінің атынан оның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жергілікті тұратын мекен-жайы көрсетілген өтініш.

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар: 1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

3) конкурстық іріктеуге қатысу өтінішін белгіленген мерзімнен кеш тапсырған жағдайда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар   Организм функциялары бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамаудағы тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы қағаз жеткізгішін толтыра отырып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салу арқылы мемлекеттік қызметті алу кезінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі мәселелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары www.nis.edu.kz интернет-ресурсында көрсетілген, бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 77777.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст