14.11.2022
2022 жылғы 11 қарашада облыстық жарыстарды өткізу шеңберінде ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында Атбасар қаласының №2, №8 жалпы орта білім беретін мектептері мен "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында Атбасар ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен аудандық жарыстар өтті. Жарысқа ауданның 19 мектебінің 57 оқушылар қатысты. Аудандық жарыстарды өткізу нәтижелері бойынша командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын-Атбасар қ. №8 жалпы орта білім беретін мектеп;
II орын-Атбасар қ. №7 жалпы орта білім беретін мектеп;
III орын- Сепе а. жалпы орта білім беретін мектеп;
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №2, №8 жалпы орта білім беретін мектептенің және «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені әкімшілігі, дене шынықтыру мұғалімдері мен қызметкерлеріне аудандық жарыстарды ұйымдастыруда белсенді дайындығы үшін алғыс білдіреді