11.11.2022
10 қарашада Астана қаласының №95 "Алматы" бөбекжай –бақшасында "Үздік педагог 2022" байқауының республикалық туры өтті, оған №4 "Еркежан" бөбекжай - бақшасының логопед-дефектологы Дюбкина Марина Эдуардовна қатысты.
Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары – байқаудың аудандық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Педагогтердің аналитикалық материалдарына сараптама қашықтан жүргізілді. Е-портфолио форматындағы әрбір қатысушы қазылар алқасының мүшелеріне әдістемелік портфолио ұсынды. Әдістемелік портфолиода жұмыс тәжірибесі, талдау, жалпылау, өзінің кәсіби қызметінде инновациялық идеяларды қолдану, шығармашылық және зерттеу тәсілі, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің нәтижелілігі қамтылды.