09.11.2022
Білім бөлімінің жұмыс жоспары аясында жетекшісі Н. Наймушина және кәсіподақ филиалының төрайымы Р.Едрисова Мариновка, Бейс Хазрет ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі баптары, педагогикалық әдеп ережелерін сақтау, үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаны Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері, "Педагог" кәсіби стандарты, оқушылардың қауіпсіздігі, оқушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы, МЖБС орындау, білім беру сапасын арттыру, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өту және аттестаттау мәселелері түсіндірілді.
20 қарашаға жоспарланған Қазақстан Республикасының президенттігіне сайлау өткізу басты мәселелердің бірі болып табылады және еліміздің әрбір азаматы республиканы құрудағы өз рөлі мен маңыздылығын сезінуі тиіс.
Мемлекет даму үшін барлық жағдай жасайды және жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен жеңілдетілген кредит беру, ауылдық жерлерде қызметін жүзеге асыратын педагогтің отынын сатып алуға қаражат төлеу бойынша қолдау көрсетеді. Ақмола облыс әкімінің көмегімен педагогтар коммуналдық қызметтер бойынша 15 АЕК көлемінде өтемақы түгел алды. Педагогтерді ауылдық жерлерге тартудың ынталандыруларының бірі "Дипломмен – ауылға" жобасы болып табылады
Кездесулер ашық микрофон форматында өтті, онда қызметкерлер өздерін қызықтырған проблемалық сұрақтар қоя алды.