08.11.2022
2022 жылғы 8 қарашада Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары В.М. Малаховтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Атбасар ауданында «Заң керуені» акциясы өткізілді.
Акцияға қатысушы аудан тұрғындарының саны 120-дан асты.
Өткізілген акция шеңберінде халықтың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында аудан тұрғындарына қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді, оған қоса қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтардан сақтық шаралары, терроризм актілері туралы жалған хабарлардың, басқа ұлт өкілдері туралы жағымсыз сөздердің жол берілмейтіндігі туралы, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау, соның ішінде заңсыз шерулерге (митингілерге) жол бермеу бойынша хабарлады.
Барлық қатысушыларға осы тақырып бойынша профилактикалық жадынамалар таратылды.
Акция қорытындысы бойынша Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары В.М. Малахов мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, оларды қызықтырған мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.