8 қарашада ZOOM платформасында "ішкі бақылау-қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау құралы"тақырыбында семинар өтті. Дәріскер Г.Г. Нарымбаева семинарға қатысушыларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы аспектілермен таныстырды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылаудың ерекшеліктері ашылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан, кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғауды, ауыр жұмыс пен зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандарын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, жазатайым оқиғаларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді қамтиды. Семинар белсенді диалог алаңына айналды, қатысушылар сұрақтар қойып, еңбек жағдайларын талқылады.
Р.Едрисова