Текст
Балалар музыка мектебінде күзгі демалыс күндерінде іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «К.Сен-Санстің өмірі мен ғажайып шығармашылығы» атты музыкалық-танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар сиқырлы музыка әлеміне еніп, «Жануарлар карнавалы» сюитасының үзінділерін тыңдады. Мектеп мұғалімдері вокалдық және аспаптық шығармалардан түрлі-түсті бейнероликтер дайындады.