04.11.2022
Атбасар ауданыңда ағылшын және қазақ тілі мұғалімдеріне арналған екі апталық біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Аудан мұғалімдері Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» АҚ ұстаздары Р.Т. Самұратова мен А.Ж. Қабдушева тәжірибесі, білімі, қолайлы атмосферасы үшін алғыс білдіреді. Курстардың әрбір тындаушы ақпараттық кеңістікте жаңа білім қорын игерді, жаңа білім беру ресурстары мен балаларды оқытудың тәсілдерін жаңарту платформалары ашылды.
«Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» АҚ педагогикалық ұжымына директор А.Н.Иманова атынан кәсіби шеберлігі, ынтымақтастық және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.