04.11.2022
2022 жылғы 04 қарашада «Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Интернет желісінде қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша педагог – психологтың жұмысы» тақырыбында Атбасар ауданының педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Татьяна Николаевна Бовдуева, "Сочинское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ педагог – психологы интернет желісіне барған кезде туындайтын негізгі проблемаларға тоқталып, кәмелетке толмағандарды асығыс әрекеттерден қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ұсыныстар берді.
Әдістемелік бірлестіктің отырысында «Алғашқы махаббат дағдарысы. Психологиялық көмек тез және ұқыпты", Поляковская Елена Ивановна, "Борисовка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ педагог – психологы; "Оқуға деген ынтаны қалай арттыруға болады: оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған кеңестер", Мирошниченко Ирина Михайловна, "Тимошевка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ; "Өзін-өзі бағалау. Өзін – өзі бағалаудың тұлғаның қалыптасуына әсері", Радченко Анастасия Борисовна, "Новосельское ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ педагог-психологы. Әріптестер жұмыс тәжірибесімен бөлісті, отырысқа қатысушылармен шағын тесттер өткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша кері байланыс жүргізіліп, ұсыныстар берілді