04.11.2022
Білім басқармасы мен "IQanat" қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, ауыл оқушыларын сапалы білім алуға ынталандыру деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылғы 31-4 қараша аралығында Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған "Hucuton" it-camp өтті.
Бұл Хакатонға Атбасар ауданы мектептерінің оқушылары, IQanat олимпиадасының облыстық турының жеңімпаздары қатысты: Құсайынова Ксения - Бастау№1 орта мектептің 9 - сыныбы, Соколова Ариана-Беисхазрет мектептің 9-сыныбы, Имаш Досымжан- Бастау№ 2 орта мектептің 9-сыныбы. Хакатонға IQanat олимпиадасының облыстық және республикалық турларының жеңімпаздарды даиындаған ауыл мектептерінің мұғалімдері шақырылды. Атбасар ауданынан математика және физика пәнінің мұғалімі Е. В. Аяндинова қатысты.
"It-camp "Нucuton" ұйымдастырушылары оқушыларға оқыту тренингтерінің бағдарламасын дайындады. Әр оқушы ұсынылған бес білім беру бағдарламасының ішінен оқу үшін үш курсты таңдай алады. Барлық бағдарламалар оқушылардың IT-дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар оқушылар үш курс бойынша міндетті оқытудан өтті: олардың бірі көшбасшылық қасиеттерді, жеке тиімділікті дамытуға, екінші курс – IT-дағдыларды дамытуға, үшінші курс – математикалық қабілеттерді дамытуға бағытталған.
Әрбір мұғалім Іt - дағдыларды дамытуға бағытталған Excel, Power Point, Publisher" және "бейне және фотомонтаж" бағдарламалары бойынша міндетті оқытудан өтті. Мұғалімдер үшін оқушылардың инженерлік-техникалық ойлауын қалыптастыру бойынша тренинг және практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ олар үшін онлайн-оқытуды ұйымдастырудың, функционалдық жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың, әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді іске асыру арқылы оқушылармен тәрбие жұмысының, ата-аналар университетінің жұмысы арқылы ата-аналармен ынтымақтастықтың ерекшеліктерін ашатын шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылды.