Текст
2022 жылдың 3 қазанында білім бөлімінің жоспары аясында мектепке дейінгі білім беру педагогтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты тәжірибе алмасу, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін арттыру үшін бірыңғай педагогикалық кеңістік құру болды. Баяндама жасаған барлық қатысушылар Атбасар ауданының мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін әдістемелік бірлестікке қатысушының сертификаттарымен марапатталды.