22.10.2022
Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және АӘДБ негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18-21 қазан аралығында "Локомотив" стадионының базасында жабық хоккей кортында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында футболдан жарыстар өтті. Жарысқа Ақмола облысы аудандарының 8 командасынан 90 қатысушы қатысты. Атбасар ауданының құрама командасын Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі ұсынды.
Ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасындағы футболдан үш күндік жарыстың нәтижелері бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында табанды күресте орындар келесідей бөлінді:
I орын - Қосшы қаласы;
II орын-Жақсы ауданы;
III орын - Көкшетау қаласы;
Жарыстың салтанатты ашылуы мен жабылуы Атбасар қ. "Локомотив" стадионының жабық хоккей корты базасында өтті, оған құрметті қонақтар қатысты: Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуатбеков Қуаныш Омырзақұлы, Ақмола облысы білім басқармасының дене шынықтыру туризм және АӘДП орталығы директорының м. а. Толуспаева Лейла Кенжебайқызы, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна.