Текст
Атбасар ауданының мектептерінде мектеп кітапханашылары алдағы Қазақстан Республикасы Күні мерекесінің тақырыбын ашатын кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер ұйымдастырды. Көрмеде мемлекеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, елдің егемендігі тарихының үш онжылдыққа бөлінген маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін кітаптар ұсынылған.