13.10.2022
Жұмыс кездесуі барысында Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина Магдалиновка ауылының бастауыш мектебі, Тимашевка ауылының жалпы білім беретін мектебі және Родионовка ауылының негізгі мектебі директорларымен және педагогикалық ұжымдарымен кеңес өткізді.
Еңбекақы төлеу жүйесіне, оқуда балалармен жұмыс істеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, педагогтерді аттестаттау ережелеріне, ата-аналар жұртшылығымен жұмысты нығайтуға, мұғалімдерді қайта даярлау мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді талқылады.
20 қарашаға жоспарланған Қазақстан Республикасының президенттігіне сайлау өткізу басты мәселелердің бірі болып табылады және еліміздің әрбір азаматы республиканы құрудағы өз рөлі мен маңыздылығын сезінуі тиіс. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты.
Тәлімгерлік үшін ақы төлеу, әдістемелік сүйемелдеу көрсету, магистр дәрежесі үшін ақы төлеу, педагогикалық әдеп ережелерін сақтау мәселелерін кәсіподақ филиалының төрағасы Р. Едрисова ашты.