10.10.2022
5 қазан күні Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушинаның төрағалығымен «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ң жанындағы ресурстық орталық-тірек мектебі бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы Атбасар қаласының №2,6,8 жалпы білім беретін мектеп директорларының, директорларының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өтті. Кеңесте Адыр ст. ЖНМ, Есенгелді с. ЖББМ, Сепе с. ЖББМ магниттік мектептерінің 8-11 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бос уақытын өткізу, тұру, тамақтану, тасымалдау мәселелері қаралды.
Абдрахманова Г.Т., білім бөлімінің бас маманы