«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

РҚБ кеңесі

05.10.2022
Атбасар қаласының №1 орта мектебінде Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен, білім бөлімінің әдіскерлерімен және мамандарымен ауданның білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:. Жұмыс жоспарын бекіту /Н.Наймушина/, Ауданның білім беру мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету /Г.Қажкенова/, Білім беру ұйымдары басшыларының халықты жұмыспен қамту туралы заңнама талаптарын сақтауы туралы /Д.Самаев/, Мектеп округтерін оқулықтармен және көркем әдебиетпен қамтамасыз ету туралы /М.Шаймерденова/, ШЖҚ және тірек мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы /Г.Абдрахманова/, Білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы / И.Кузнецов/, Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы /А. Исасеитова/.
РҚБ кеңесінің жұмысына ҚББ бастығы, полиция майоры Р.Б.Құрманғожин, аға мемлекеттік автоинспектор, полиция аға лейтенанты Б.Е. Қоныбаев қатысып, жолдардағы оқушылардың қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілер өткелдері, оқушыларды тасымалдау, автобустардың жағдайы, жол белгілерін орнату, жарықтандыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.
Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы О. А. Красилова объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар, тамақтан уланудың алдын алу шаралары мен ережелері, сондай-ақ жұқпалы аурулар туралы хабардар етті.
ОАА психологы Г. С. Жақсылықова суицидтің алдын алу, қатыгездік бойынша, қол сұғылмаушылық және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша сөз сөйледі.
Білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина бірқатар жұмыс мәселелерін айтты: "Педагог мәртебесі туралы" заңның сақталуы туралы; 900 орындық "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде жаңа құрылыстар шағын ауданында мектеп салу туралы; 15 қазаннан бастап аудандық "Простор" газетіне және республикалық "Білімді ел"газетіне жазылу компаниясы туралы; мектептерде орналасқан сайлау учаскелерінің дайындығы туралы; Мүгедектер күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы; бірінші сынып оқушысының мерекесін өткізу туралы; шағын орталықтардағы, балабақшалар мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігі туралы; директорлардың 9 ай ішінде ата-аналар жұртшылығымен ашық бюджет бойынша тікелей эфирді уақтылы өткізуі туралы; №4 ОМ, Сочинская ОМ және № 1Бастау а. ОМ "мектептегі ПИЗА" халықаралық зерттеуін өткізу туралы; оқудан бос уақытында рұқсат етілген 14 жастан бастап кәмелетке толмағандар үшін жұмыс тізбесі туралы; мектеп әкімшілігінің жас әріптестерінің сабақтарына міндетті түрде қатысуы; бірінші оқу тоқсанының соңында.
Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст